Бокстан Париж Олимпиадасының жарыс кестесі анықталды. Қазақстандықтар сапынан алғаш болып рингке Мұхамедсабыр Базарбайұлы шығады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бірінші болып 27 шілдеде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Париж Олимпиадасындағы бокстан болжалды жарыс кестесі:
27 шілде
1/16 финал
63,5 келі (ерлер) — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы.
28 шілде
1/16 финал
57 келі (ерлер) – Махмұд Сабырхан;
71 келі (ерлер) — Асланбек Шымбергенов;
50 келі (әйелдер) — Назым Қызайбай;
92 келі (ерлер) — Айбек Оралбай.
29 шілде
1/8 финал
63,5 келі (ерлер) — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (өтсе);
+92 келі (ерлер) — Қамшыбек Қоңқабаев.
30 шілде
1/16 финал
57 келі (әйелдер) — Карина Ибрагимова.
1/8 финал
51 келі (ерлер) — Сәкен Бибосынов;
80 келі (ерлер) — Нұрбек Оралбай.
31 шілде
1/8 финал
57 келі (ерлер) — Махмұд Сабырхан (өтсе);
71 келі (ерлер) — Асланбек Шымбергенов (өтсе);
75 келі (әйелдер) — Валентина Хальзова.
1 тамыз
1/8 финал
50 келі (әйелдер) — Назым Қызайбай (өтсе).
Содан кейін жартылай финалға шығу үшін тартыс басталады.