Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық балуан 77 келі салмақта белдесіп, бірінші айналымда колумбиялық Алексис Муньестен басым түсті.
Есеп — 8:0.
Енді Жадыраев Олимпиаданың ширек финалында айқасады.