Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көш басшысы, Әлем чемпионатының, Азия ойындарының, Азия біріншілігінің және Grand Slam турнирлерінің бірнеше мәрте жүлдегері Абиба Абужақынова спорт журналисі Ақырыс Сейітқазыға сұхбатында берді.
Сұхбатта Абиба спортшылар арасындағы достық туралы сөз қозғады. Спортшының жақын достарының қатарында 63 келі салмақта күресетін Венесуэла, 57 келіде Грузия және Кипр спортшылары бар екендігін айтты. Алайда өзіне қарсылас қыздармен жақын емес екендігін жеткізді.
«Мен өз салмағымдағы қыздармен дос болмаймын. Қазақстанда да, шетелде де дос болмаймын. Қарсыластарыммен араласа алмаймын. Басқа салмақта құрбыларым бар. Құрама ішінде 52 келіде Әбеуова Толғанай да құрбым. Кішкентай қыздар бар, мысалы, өз жерлестерім Атыраудың қыздарына үйрете аламын, бірақ құрбы бола алмайды екенмін. Оларға өз білгендерімді үйретемін» — деді Абиба.