Қазақстандық жеңіл атлет Алина Чистякова Азия ойындарында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әйелдер арасындағы жетісайыс бәсекесінде 5568 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Жарыс үш күнге созылып, спортшылар кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ядро итеру, 200 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру және 800 метрге жүгіру бойынша бақ сынады.
Бәсекеде жапониялық Юри Танака 5920 ұпаймен жеңімпаз атанса, Нанака Каджики 5673 ұпаймен екінші орын алды. Алина Чистякова 5568 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша, Алина Чистякова жетісайыстан 20 жылдан кейін Азия ойындарының жеңіл атлетикадағы жүлдесін жеңіп алған спортшы атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында жетісайыстан алтын медаль алған еді.
