Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Ақнұр Тұрсынғали жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалдық жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы алаң иесі Сенегалдың боксшысы Хадидиату Буаро болды. Үш раундқа созылған кездесуде Ақнұр Тұрсынғали қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, жарыстың жартылай финалына өтті.
Осылайша, қазақстандық боксшы Олимпиада жүлдесіне бір қадам жақындай түсті.
