

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XX жазғы Азия ойындары мен V Азия пара ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық спортшыларды қабылдап, бірқатар спортшыға мемлекеттік наградалар табыстады, деп жазады Sportbugin.kz.
Мемлекеттік марапатқа ие болғандардың қатарында каратэден Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы Софья Берульцева да бар. Спортшы «Парасат» орденімен марапатталды.
Салтанатты қабылдаудан кейін Берульцева Ақордаға екінші рет келіп, Мемлекет басшысының қолынан награда алу өзі үшін ерекше қуаныш болғанын айтты.
«Алдыңғы Азия ойындарынан кейін де бізді Президент қабылдаған болатын. Сол кезде өзіме екінші рет келемін деп мақсат қойған едім. Міне, бүгін тағы да Ақордаға келіп, Президентіміздің қолын алып, мемлекеттік награда алу бақыты бұйырды. Өзім өте қуаныштымын.
Ең бірінші үлкен қолдаушым — анама хабарластым. Анамa осы қуанышымды айттым. Бұл — анамның да еңбегі, оның да сіңірген үлесі», — деді Софья Берульцева.



