Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Командалық шпага бәсекесінің жартылай финалында қазақстандық спортшылар Қытай құрамасымен кездесті. Кездесуде қарсылас команда 45:21 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы командалық сайысты қола медальмен қорытындылады.
Қазақстан сапында Ирина Бакалдина, Владислава Андреева, Дарья Самоделкина және София Николайчук өнер көрсетті.
