![62](https://sportbugin.kz/wp-content/uploads/2025/02/62-1024x683.jpg)
Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан таеквондодан G2 санатындағы Turkish Open турнирінде қазақстандық Самирхон Абабакиров қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Абабакиров турнирдің ширек финалында Париж Олимпиадасының жүлдегері, әзербайжандық Гашим Магомедовті жеңді.
Қазақстандық спортшы аяғынан жарақат алғанына және жекпе-жек барысында дәрігерлер көмегіне бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, Олимпиада жүлдегерін еш мүмкіндік қалдырмай ұтты.
Негізінде, Абабакиров пен Гашимов арасындағы кездесуді таеквондо жанкүйерлері Париж Олимпиадасында күткен болатын. Алайда, Олимпиада ойындарында біздің спортшы италиялық қарсыласына жол беріп, Гашимов финалға дейін сүрінген жоқ.
Түркиядағы турнирдің жартылай финалында Самирхон ресейлік Дмитрий Шишкодан жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды. Осылайша, қатарынан екі жыл бойы Turkish Open турнирінде медаль алып отыр. Былтыр Абабакиров финалға дейін жеткен болатын.
Енді қазақстандық спортшы жарақатын емдеу үшін кішігірім үзіліс алады.
Одан бөлек, 87 келідегі Нұрқанат Қожахмет қола медаль иегері атанды.
Фото: Сали Сабиров