
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарын аяқталуға жақын. Бүгін Қазақстан құрамасы биатлоннан екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасы Қытай мен Оңтүстік Кореяға жол беріп, қола медаль иеленді. Бұл сында ел намысын Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая қорғады.
Ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан командасы күміс медаль еншіледі. Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Александр Мухин және Кирилл Бауэер төрттігі Жапония құрамасына есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.
Айта кетелік, Қазақстан құрамасы Әсет Дүйсеновтің шеберлігі арқасында төртінші орыннан күміс жүлдеге көтерілген болатын.
Фото: Нұрғали Жұмағазы