
Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі (IFAB) футболға жаңа ережелер енгізілгенін хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл ережелер ішіндегі ең көп талқыланғаны — қақпашыларға берілетін сегіз секунд.
Бұдан былай допты ойынға қоспай, 8 секундтан артық ұстаған қақпашының командасына қарсы бұрыштама ойнатылады. Қақпашы допты қолына алған соң, төрешілер қолмен қанша секунд қалғанын көрсетіп тұрмақ.
Сондай-ақ, төрешілермен кез-келген футболшы сөз таластыра алмайды. Төреші шешіміне қатысты команда капитаны ғана сөйлеседі.
Одан бөлек, доп айып алаңынан тыс кезде ойын тоқтатылса, бұған дейін допқа иелік еткен командаға беріледі.
Ал футболшыларға көк қағаз көрсету және 11 метрлік айып добын қақпашы қайтарған жағдайда, допты қайтадан тебу туралы ұсыныстар қабылданған жоқ.