
Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында 81 келіге дейінгі салмақта өткен қазақстандықтар арасындағы белдесуде Әділет Алмат Абылайхан Жұбаназарды жеңіп, жартылай финалға өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
Ақтөбелік балуанға есе жіберген Абылайхан Жұбаназар жарысты тоқтатпай, жұбаныш белдесуіне жолдама алған болатын.
Жұбаназар жұбаныш белдесуінде БАӘ өкілі Нургази Таталашвилиді ұтып, қола үшін белдесуге жолдама алды.
