
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында отандасымыз Алмат Әділет сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Алтын үшін белдесуде ол Тәжікстан спортшысы Сомон Махмадбековке қарсы татамиге шығады.
Ал осы салмақта өнер көрсетіп жатқан тағы бір отандасымыз Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін күреседі.
