Бес дүркін Олимпиада чемпионы Михаин Лопестің бапкері Рауль Трухильо қазіргі таңда Қырғызстанда жүр, деп жазады Sportbugin.kz.
Тәжірибелі маман грек-рим күресі бойынша қырғыз балуандары мен жаттықтырушыларына өз тәжірибесімен бөлісуде.
Айта кетейік, Михаин Лопес Нуньес —
грек-рим күресі тарихындағы ең ұлы балуандардың бірі. Грек-рим күресі бойынша бес Олимпиадада (2008, 2012, 2016, 2020, 2024) қатарынан алтын алған алғашқы балуан. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 41 жасында финалда жеңіске жетіп, ресейлік Александр Карелиннің рекордын жаңартты.
