Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз Асқар Нарқұлов тәжік балуаны Соман Махмадбековке есе жіберді, деп жазады Sportbugin.kz.
Алғашқы айналымда Нарқұлов Оңтүстік Корея мен Румыния балуандарын жеңген болатын.
Енді отандасымыз жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.
Айта кетейік, Соман Махмадбеков Қытайдың Ордос қаласында өткен Азия чемпионатында Әділет Алматтан жеңіліп, күміс медаль иеленген еді.
