Вьетнамда күрес түрлерінен өтіп жатқан U17 санатындағы Азия чемпионатында еркін күрестен ел қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
71 келі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Әділет Рысбай жапониялық Това Доиге қарсы белдесті. Шешуші кездесу барысында қазақстандық балуан айқын басымдық танытып, қарсыласын 8:1 есебімен жеңді.
Осылайша, Әділет Рысбай U17 санатындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, Қазақстан құрамасына кезекті алтын жүлдені сыйлады.
