«Айсұлу» әйелдер хоккей клубының шабуылшысы Малика Алдабергенова команда ойыншылары шамамен алты айдан бері жалақы алмай жүргенін мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Оның айтуынша, Алматы қаласының Спорт басқармасы жалақы төлеу мерзімін бірнеше рет кейінге шегеріп, қарызды өтейтінін уәде еткен. Алайда осы уақытқа дейін хоккейші қыздарға ешқандай қаражат түспеген.
Салдарынан көптеген спортшы күнделікті шығындарын жабу үшін қарыз алып, тіпті несие рәсімдеуге мәжбүр болған.
Алдабергенова команданың бұл мәселені қоғам алдында көтеруіне Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа қатысты резонанс тудырған жағдай себеп болғанын айтты.
