Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко кәсіби бокста кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
6 маусым күні Англияда өтетін бокс кешінде Иван Дычко шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы — жеңіліп көрмеген британиялық Харви Дайкс. Дайсктың еншісінде 7 жеңіс, 1 тең нәтиже бар.
Қазіргі таңда Дычконың еншісінде 15 жеңіс (оның 14-і нокаутпен) және бір жеңіліс бар. Әуесқой бокста ол әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанып, Олимпиада ойындарында екі рет қола медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар, Дычко өзбекстандық атақты боксшы Баходир Жалоловтан ешқашан жеңілмеген жалғыз боксшы ретінде ерекшеленеді. Ол Жалоловпен өткізген барлық кездесуде жеңіске жеткен.
