Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының жабылу салтанаты өтті. Youth Olympic Park спорт кешенінде ұйымдастырылған іс-шарада еліміздің көк Туын Берік Боранбаев пен Мерей Тастемір ұстап шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жасөспірімдердің ақ қар, көк мұз үстіндегі аламанында Қазақстан құрамасының 41 өкілі 5 спорт түрінің 9 бағдарламасы бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 1 алтын, 2 қола медаль олжалап, жасөспірімдер олимпиадасы тарихындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Нәтижесінде жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте 20-орынға ие болды.