Индонезияда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық Камила Оспанова алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы финалда Өзбекстан өкілі Мафтуна Янгиевамен қолғап түйістірді.
Тартысқа толы өткен финалдық кездесуде Камила 3:2 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті.
