Венгрияда күрес түрлерінен халықаралық рейтингілік турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде еркін күрес балуандары боз кілемге шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
61 келі салмақта алғашқы айналымда Қазақстанның екі өкілі — Әділет Әлмұхамедов пен Асылжан Есенгелді өзара кездесті.
Тартысты өткен белдесуде Әділет Әлмұхамедов Асылжан Есенгелдіні 10:6 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, Будапешттегі халықаралық рейтингілік турнир 15-19 шілде аралығында өтеді.
