Венгрияда күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнирде Зейнеп Баянова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Зейнеп жарысты сенімді бастады.
Ол алғашқы белдесуінде оңтүстіккореялық Миран Чонды 11:1 есебімен, кейін ресейлік Надежда Соколованы 16:11 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал жартылай финалда қазақстандық балуан АҚШ өкілі Сара Чавеске 0:4 есебімен есе жіберді.
Қола жүлде үшін кездесуде Баянова украиналық Оксана Ливачпен белдесуі тиіс болған. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты кілемге шыға алмағандықтан, жеңіс қазақстандық спортшыға беріліп, Зейнеп Баянова турнирдің қола медалін иеленді.
