Ресей чемпионатында еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта өткен 1/8 финалдық белдесу күтпеген оқиғамен аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Дағыстандық Имам Умаров Артем Гобаевпен өткен белдесу кезінде қарсыласының әдісінен босануға тырысып, оның аяғын тістеп алған.
Төрешілер бейнеқайталауды бірнеше минут қарап, Умаровты спорттық емес әрекеті үшін жарыстан шеттету туралы шешім қабылдады.
