Гонконгте ағылшындық «Челси» мен италиялық «Ювентус» арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Кездесу туриндік клубтың 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз гол 68-минутта соғылды. Косоволық шабуылшы Эдон Жегрова мергендігімен көзге түсіп, «Ювентусқа» жеңіс сыйлады.
Дастан Сәтпаев ойынды «Челсидің» қосалқы құрамында бастап, 65-минутта алаңға шықты. Сәтпаев қақпаға бір дәл соққы жасап, алты дәл пас берді.
Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сатпаев «Уэстерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы кездесуде «Челси» сапындағы алғашқы голын соққан болатын. Ал «Тоттенхэмге» қарсы матчта екінші таймда алаңға шыққан еді.
