Садақ атудан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылары анықталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ұлттық құраманың бас бапкері Бауыржан Жолдыбаев Olympic.kz сайтына берген сұхбатында құрлықтық додаға дайындық барысы мен спортшыларды іріктеу талаптары туралы айтып берді.
«Құрамды жасақтау кезінде ең алдымен спортшылардың маусым бойы көрсеткен тұрақты нәтижелеріне мән бердік. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсете алуы да іріктеу кезінде ескерілген маңызды талаптардың бірі болды», — деді бас бапкер.
Азия ойындарында Қазақстан намысын классикалық садақ бойынша Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Дастан Кәрімов, Александра Землянова, Медина Мұрат және Самира Жұмағұлова қорғайды.
Блоктық садақ бойынша ел намысына Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Мұса Ділмұхамет, Виктория Лян, Адель Жексенбинова және Роксана Юнусова шығады.
