Саламат Отарбаев қызы Иянат Жұбатқанның әлем чемпионатындағы тарихи жеңісі туралы пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Аралас командалық жарыстың финалында Қазақстан құрамасы Бразилиямен кездесіп, негізгі белдесулер 3:3 есебімен аяқталды. Жеңімпазды анықтау үшін қосымша белдесуге қатысатын салмақ жеребе арқылы анықталды.
Жеребе нәтижесінде 48 келіге дейінгі салмақ таңдалып, шешуші белдесуге Иянат Жұбатқан шықты. Ол қарсыласын жеңіп, Қазақстанға әлем чемпионатының тарихи алтынын сыйлады.
«Басында Бразилиямен есеп 3:2 болды. Иянат белдесуге шығып, жеңіліп қалды да, есеп 3:3 болып теңесті. Жеңімпазды анықтау үшін қосымша белдесудің жеребесі тартылатын болды. Сол кезде іштей Иянаттың салмағы түссе екен деп тілеп отырдым.
Жеребе нәтижесінде 48 келіге дейінгі салмақ таңдалды. Иянат өзін дәлелдеп, елімізге тарихи алтын медаль сыйласа екен деп ойладым. Іштей оған сендім. Иянат та өзін тез жинап, соңғы белдесуде жеңіске жетті. Қуаныштымыз», — деді Иянаттың әкесі әрі бапкері Саламат Отарбаев.
