Боксшы Темірлан Мұқатаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Қазыбек Қалмағамбетовке автокөлік сыйға тартылған. Осыған қатысты жарияланған видеоның астына Темірлан Мұқатаев пікір қалдырды.
«5 рет Азияны алдық, велосипед те мінгізбеді. Шүкір деп жүрміз», — деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Темірлан Мұқатаев — Қазақстан және Азия чемпионаттарының бес дүркін жеңімпазы. Ол Астана қаласының намысын қорғайды.
