Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан қазіргі бессайыстан әлем чемпионатында эстафеталық жарыстар мәресіне жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасының өкілдері Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов 7-орынға тұрақтады.
Әйелдер бәсекесінде Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова 9-орын иеленді. Ал аралас эстафетада ел намысын қорғаған Кирилл Стадник пен Ярославна Понер де жарысты 9-сатыда аяқтады.
Енді әлем чемпионатында жекелей жарыстар кезеңі басталады.
