Иянат Жұбатқан Орал қаласында өтіп жатқан дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Иянат жарыс барысында қарсыластарынан басым түсіп, финалға дейін сенімді өнер көрсетті. Шешуші белдесуде тәжірибелі спортшы Ғалия Тынбаеваға жол беріп, Қазақстан чемпионатының күміс медалін иеленді.
Айта кетейік, Иянат Жұбатқан жуырда ғана жасөспірімдер санатынан жастар құрамына ауысқан. Соған қарамастан, жас спортшы ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп отыр.
