Ғалия Тынбаева Орал қаласында өтіп жатқан дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Тынбаева финалда Иянат Жұбатқанды жеңіп, ел біріншілігінің чемпионы атанды.
Айта кетейік, биылғы Қазақстан чемпионаты 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде өтуде.
Ел біріншілігіне Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 600-ге жуық спортшы қатысуда. Дзюдошылар ерлер және әйелдер арасында 14 салмақ дәрежесі бойынша жүлделерді сарапқа салып жатыр.
