Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрсұлтан Меңдібаев антидопинг ережелерін бұзғаны үшін алты жылға шеттетілді, деп жазады Sportbugin.kz.
Спортшының 2025 жылы GAMMA ұйымы өткізген әлем чемпионаты кезінде алынған допинг сынамасынан дростанолон метаболиті мен мельдоний анықталған.
Қабылданған шешімге сәйкес, Нұрсұлтан Меңдібаев 2032 жылдың 11 тамызына дейін жарыстарға қатыса алмайды. Сонымен қатар спортшының 2025 жылдың 22 маусымынан кейінгі барлық нәтижелері жойылады.
