Еркін күрестен 61 келі салмақ дәрежесінде Астанада өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшы анықталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Іріктеу белдесуінде Асыл Айтақын мен Аллан Оралбек өзара мықтыны анықтады. Қос балуан екі рет белдесіп, екі кездесуде де Асыл Айтақын жеңіске жетті.
Алғашқы белдесу 1:1 есебімен аяқталғанымен, соңғы ұпай көрсеткіші бойынша жеңіс Асыл Айтақынға берілді. Ал екінші кездесуде алматылық балуан қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Осылайша, Асыл Айтақын 61 келі салмақта Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
