VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы арқан тартудан алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жарыс барысында ұлттық құраманың спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орыннан көрінді.
Биылғы бәсекеде Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Ресей, Қырғызстан, Пәкістан және Бразилия сынды мықты құрамалар бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алса, Қырғызстан құрамасы күміс, ал Пәкістан спортшылары қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында арқан тартудан ел қоржынына кезекті алтын медаль салды.
