Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Рыбакина жарыстың осы кезеңінде Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездесіп, қарсыласын 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 16 минутқа созылды.
Осы нәтижеден кейін Рыбакина US Open турнирінің қорытындысына қарамастан, WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Рейтингтің жаңартылған нұсқасы 14 қыркүйекте жарияланады.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші Мирра Андреева — Коко Гауфф жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Елена Рыбакина 1975 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан WTA рейтингінде әлемнің бірінші сатысына көтерілген 30-шы әйел теннисші болмақ.
Айта кетейік, Рыбакинаның жеке разрядтағы WTA турнирлерінде 13 чемпиондық атағы бар. Ол 2022 жылы Уимблдонды жеңіп алса, 2026 жылдың қаңтарында Australian Open турнирінде топ жарды.
