Жеңіл атлет Ясмина Токсанбаеваға қатысты министрлік өкілі пікір білдірді, , деп жазады Sportbugin.kz.
Туризм және спорт министрлігі болған жағдайға ең алдымен спортшының жаттықтырушылар штабы жауапты деп санайды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің жетекшісі Аян Төлеген Zidan4eg Live жобасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Жаттықтырушылар тек спорт алаңында ғана емес, одан тыс жерде де өз міндеттерін тиісті деңгейде атқаруы керек. Қажетті құжаттарды уақытында рәсімдеп, жарыс регламентінің сақталуын қамтамасыз ету де олардың жауапкершілігіне кіреді»,-деді.
Осы жағдайға байланысты мәселені анықтау үшін жеңіл атлетика федерациясын, Ұлттық олимпиадалық комитетті және мемлекеттік органдарды іске араластыруға тура келген.
Аян Төлеген оқиғаға кінәлі тұлғаларға қатаң шаралар қолданылуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.
Қазіргі уақытта Ұлттық олимпиадалық комитет істің мән-жайын анықтауды жалғастырып жатыр. Әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ.
Ал Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы бұған дейін спортшыны қолдайтынын мәлімдеген.
