Черногорияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы екі боксшысы жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Айдос Үсенов жарыстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Ол 1/16 финалда Румыния өкілі Разван-Йонит Панейнтпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ 85 келіге дейінгі салмақтағы Руслан Ахметов те келесі кезеңге жолдама алды. Отандасымыз 1/16 финалда Болгария боксшысы Николай Ивановпен жұдырықтасып, қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, Айдос Үсенов пен Руслан Ахметов U19 әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды.
