АҚШ-та өткен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Мерей Базарбаев елге оралды, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан финалда түркиялық Бекир Кесермен белдесіп, қарсыласын 8:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.
Әлемдік додада топ жарған балуанды Алматы әуежайында жақындары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды.
Айта кетейік, жарыс барысында Мерей АҚШ балуанын 3:1, Франция өкілін 13:2 және Жапония спортшысын 7:0 есебімен жеңген.
