Ризабек Айтмұхан Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз іріктеу кезеңінде Ресей балуаны Абдулрашид Садулаевпен белдесті. Екі дүркін Олимпиада чемпионы әрі әлемнің алты дүркін чемпионы атанған қарсыласы бұл кездесуде 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді қазақстандық спортшының жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі Абдулрашид Садулаевтың финалға шығуына байланысты.
