
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының финалында, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
+100 келі салмақ дәрежесінің ақтық сынында Қажыбаев жапон дзюдошысы Ота Хёгамен кездеседі.
Сонымен қатар -100 келі салмақ дәрежесінде Бекжан Байтас пен Марат Байқамұров екі қола жүлдеге күресу мүмкіндігін алды.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі — «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
Ақмерей Уалиханқызы