Ризабек Айтмұхан мен Кайл Снайдер 18 сәуір күні өтетін жекпе-жек алдында дәстүрлі face to face рәсімін өткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
RAF 08 турнирі аясындағы кездесу алдында екі балуан алғаш рет көзбе-көз жолығып, алдағы белдесуге толық дайын екендерін аңғартты.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Снайдер жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды. Ал Ризабек Айтмұхан үшін бұл — бұған дейінгі жеңілістің есесін қайтарып, қарымта қайтару үшін үлкен мүмкіндік.
Еске салайық, бұған дейін Ризабек Айтмұхан мен Кайл Снайдер Алматыда өткен PWL турнирінде кездесіп, қазақ балуаны жеңіліс тапқан болатын.
