Норвегия тарихта алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегия құрамасы Бразилияны 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Матчтың 79-минутында Андреас Шельдеруптің қапталдан асырған добын Эрлинг Холанд баспен дәл бағыттап, Норвегияны алға шығарды.
90-минутта Холанд дубль авторы атанып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Қосымша уақыттың 10-минутында Бразилия пенальти орындау мүмкіндігін алып, матч 2:1 есебімен Норвегияның пайдасына аяқталды.
Енді Норвегия құрамасы ширек финалда Мексика мен Англия арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, бұл — Норвегияның футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы ширек финалы.
