Қасым-Жомарт Тоқаев Роман Төрехановты Президент Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», — делінген құжат мәтінінде.
2016 жылы Төреханов 94 келі салмақта және абсолютті салмақ дәрежесінде бразилиялық джиу-джитсуден әлем чемпионы атанды.