Хорватияның Вараждин қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Varazdin халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
U13 жас санатында отандасымыз Жәния Бекмұхамбетова сәтті өнер көрсетіп, күміс медаль иеленді. ю
Жәния Бекмұхамбетова турнир барысында Словения өкілі Эма Калужаны, хорватиялық Зита Петрович пен Стелла Пресецкиді, румыниялық Сара Серпа мен Изабела Пастинаны, сондай-ақ Сингапурдан келген Линь Цзяцзюньді 3:0 есебімен жеңді.
Финалда хорватиялық Лизетт Фазекашқа 1:3 есебімен есе жіберіп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
