Қазақстандық Сергей Емельянов байдарка мен каноэде есуден Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатында финалдық жарысқа қатысты, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз бірлік-каноэде 200 метр қашықтыққа жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алған болатын.
Финалда Сергей Емельянов 42,06 секунд нәтижесімен мәреге жетіп, жетінші орынға тұрақтады.
Алтын жүлдені алаң иесі Алексей Колядич иеленді. Польша спортшысы қашықтықты 40,95 секундта бағындырды. Күміс медаль 41,05 секунд нәтижесімен өзбекстандық Артур Гулиевке бұйырса, Беларусь өкілі Андрей Жолобов 41,15 секунд көрсеткішпен қола жүлдеге қол жеткізді.
