Ахмед Тажудинов Мытищи қаласында өткен Real American Freestyle (RAF) лигасының турнирінде америкалық Кайл Снайдерге есе жіберді, деп жазады Sportbugin.kz.
Екі Олимпиада чемпионы арасындағы тартысты белдесуде Кайл Снайдер 10:5 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Кайл Снайдер жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін сақтап қалып, Ахмед Тажудиновты қатарынан екінші рет жеңді. Екі балуанның алғашқы белдесуі осы жылдың көктемінде америкалық күрес лигасы аясында өткен болатын.
Айта кетейік, Ахмед Тажудинов Париж Олимпиадасында 97 келі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал Кайл Снайдер 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы.
