Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар сайысындағы финалда кездесті, деп жазады Sportbugin.kz.
Бішкекте өткен шешуші кездесуде алаң иелері 7:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қырғызстан құрамасы жарыстың алтын медалін иеленсе, Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қанағат тұтты.
Турнир барысында Қазақстан құрамасы Ресей командасын 14:1, ал Венгрияны 9:4 есебімен жеңген еді.
Айта кетейік, бұған дейін көкбөрі бәсекесінің финалында да Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездескен. Бұл ойында Қырғызстан құрамасы 12:0 есебімен ірі жеңіске жетті.
