Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкбөріден финалдық кездесуде Қырғызстан құрамасына ірі есеппен есе жіберді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Шешуші матчта алаң иелері Қазақстан құрамасын 12:0 есебімен жеңді.
Финалдық кездесу Қырғызстан құрамасының басымдығымен өтті. Қырғыз көкбөрішілері алғашқы таймда жауапсыз төрт салым салып, есепті 4:0-ге жеткізді.
Екінші таймда да ойын өрнегі өзгерген жоқ. Қырғызстан құрамасы тағы төрт рет нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, басымдығын 8:0-ге ұлғайтты. Қазақстандық спортшылар есепті қысқарта алмады.
Ал үшінші таймда Қырғызстан құрамасы тағы төрт салым салып, матчтың қорытынды есебін белгіледі — 12:0.
Осылайша, Қазақстан құрамасы финалда бірде-бір салым сала алмады.
Ал Қырғызстан құрамасы өз алаңында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.
