Чемпиондар лигасының ширек финалына өткен тағы екі команда анықталды.
14 наурыз күні ЧЛ 1/8 финалында «Боруссия Дортмунд» нидерландтық «ПСВ» командасын ұтты. Германиядағы «Сигнал Идуна Парк» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Эйндховендегі алғашқы матчта есеп тең болғандықтан, ширек финалға жолдама германиялық «Боруссия Дортмундқа» бұйырды.
Ал «Атлетико Мадрид» 1/8 финалдың соңғы матчында миландық «Интердің» алдын орап кетті. Жалпы қарымта ойында есеп 2:1 болғанымен, өткен матчтың нәтижесіне сәйкес (0:1) теңесіп, пенальти тағайындалды.
Пенальтиде 3:2 есебімен алға шыққан мадридтік клуб келесі кезеңге жолдама алды.