Әділбек Қожахан Тараз қаласында өтіп бокстан Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Жамбыл облысының өкілі Бейбарыс Жексенмен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Әділбек Қожахан ел біріншілігінде нағыз сенсация жасады. Ол жарыс барысында 2024 жылғы Қазақстан чемпионы Талғат Сырымбетовті жеңсе, жартылай финалда 2025 жылғы әлем чемпионы әрі қазіргі Азия чемпионы Оразбек Асылқұловтан басым түсті.
Осылайша, жас боксшы ересектер арасындағы алғашқы ірі турнирінде-ақ ел чемпионы атанды.
