Бибарыс Әшірбай Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз алғашқы кездесуін Ливия өкілі Мохамед Джихадқа қарсы өткізді. Жекпе-жек барысында басымдық танытқан Бибарыс қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.
Осылайша, қазақстандық боксшы енді жартылай финал жолдамасы үшін бақ сынайды.
