Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Кудрат Шамиев Азия ойындарындағы тарихи жетістік туралы айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Атмосфера жақсы. Мұны үлкен жетістік, серпіліс деп айтуға болады. Бірақ бұл негізгі меже емес. Азия ойындарында чемпион атандық немесе алғашқы тарихи жүлдені иелендік деп тоқтап қалуға болмайды. Ең бастысы — босаңсымау.
Тамерланның өзі де, басқа спортшылар да бұл нәтижені көрді. Осындай жетістікке жетуге болатынын, оның мүмкін екенін түсінді. Алайда бұл нәтижені ең жоғары жетістік деп қабылдамауымыз керек. Алда әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындары тұр. Сондықтан мұндай нәтижелерді тұрақты үрдіске айналдыруды жоспарлау қажет», — деді Кудрат Шамиев.
Айта кетейік, Тамерлан Тілеулес Жапонияда өткен Азия ойындарында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, Қазақстан тарихында осы бағдарлама бойынша алғашқы алтын медальді жеңіп алды.
